Ежелгі Тараз

Табақшалар

Табақшалар

Ежелгі Таразда жасалған қыш табақшалар – жоғары көркемдік пен техникалық шеберліктің айқын дәлелі. Бұл бұйымдардың сапасы бояуы мен шыңылтырынан, пішіні мен өрнектерінен анық көрінеді. Табақтар әрі қолмен жабыстырма әдісімен, әрі қыш шеңберінің көмегімен жасалған. Өнімдердің сыртқы көрінісі – нәзік түстері мен әсем өрнектері арқылы ерекшеленеді. Ою-өрнек түсіруде шеберлер қалыптама, қию, құйма, қырнау сияқты әртүрлі техникалық тәсілдерді пайдаланған. Қыш бұйымдарын безендіру барысында өсімдік, геометриялық және аң-құс бейнелері түріндегі мағыналы өрнектер кең қолданылған. Бұл – ежелгі Тараз тұрғындарының өнері мен мәдениетінің жоғары деңгейде дамығанын көрсететін маңызды айғақтардың бірі.