Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық бойынша дәріс өткізілді
23.09.2026
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне «Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулығымен қызметкерлерді таныстыру және оның орындалуын қамтамасыз ету» тақырыбында дәріс өткізілді.
Кездесу барысында қызметкерлерге нұсқаулықтың негізгі талаптары түсіндіріліп, оның ережелерін сақтау және орындау тәртібі бойынша ақпарат берілді.
Дәрісті музей-қорықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицері Балнұр Алпысбаева Қарымсақова өткізді.
