Ежелгі Тараз

Жаңалықтар

Музей өмірі мен мәдени іс-шаралар туралы соңғы жаңалықтар

Ұлттық музейде реэкспозициялық жұмыстар жүріп жатыр. Жаңалықтар
12.08.2025

Ұлттық музейде реэкспозициялық жұмыстар жүріп жатыр.

Өзгерістер Жамбыл облысындағы ортағасырлық Құлан қалашығын зерттеу кезінде табылған сәндік сәулет өнерінің саз тақталары фрагменттері, кірпіштер, қабырға декорлары, терезе әйнектері, тиындар, ыдыстар, мүсіншелер орналасқан Ежелгі және ортағасырлар тарихы залын да қамтыды.Құлан қалашығы Ұлы Жібек жолының бір бағыты бойындағы маңызды орталықтардың бірі болған. Табылған сәулет өнерінің элементтері қала құрылысы мен қолөнер өндірісінің жоғары деңгейде дамығанын, сондай-ақ Құланның ортағасырлық Қазақ...

Толығырақ
Нұржан Мергенбайұлы JAMBYL телеарнасына арнайы сұхбат берді Жаңалықтар
12.08.2025

Нұржан Мергенбайұлы JAMBYL телеарнасына арнайы сұхбат берді

         “ÚNSIZ QALMA” хабарынан          Ежелгі Тараз мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Нұржан Мергенбайұлы JAMBYL телеарнасына арнайы сұхбат берді.          Бейсенбі күні музей-қорықтың тарихи мұралары жайлы қызықты әңгімелерді тыңдаңыз келсе, бағдарламаның толық нұсқасын жіберіп алмаңыз.  

Толығырақ
Qazaq Quest жобасында – Ежелгі Тараз ескерткіштері! Жаңалықтар
11.08.2025

Qazaq Quest жобасында – Ежелгі Тараз ескерткіштері!

Qazaq Quest жобасында – Ежелгі Тараз ескерткіштері!Тұңғыш Президент Қорының YouTube арнасындағы Qazaq Quest жобасынаЕжелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова сұхбат беріп, арнайы түсірілімге қатысты.Жобада музей-қорыққа қарасты:• Айша бибі,• Бабаджа хатун,• Қарахан баба• және Дәуітбек кесенелері жайлы құнды әрі тың деректермен бөлісті.Толық түсірілімді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз: https://youtu.be/G4Yude1yvYw?si=xSeLzt9ISuqJtCnkТарих тереңі...

Толығырақ
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жаңалығы! Жаңалықтар
04.08.2025

“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жаңалығы!

           Музей-қорықтың “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ұлжан Исаева “Ақ жол” газетінде жарық көрген “Меркі қалашығы — тарих пен мәдениеттің тоғысқан тұсы” атты мақаласында көне Меркі шаһарының бай мұрасын жан-жақты ашады.            Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды бекініс-қала ретінде Меркінің стратегиялық рөлі, археологиялық жаңалықтары мен мәдени құндылықтары терең талданған мақалада оқырманды таңқалдыратын деректер мол.            Газетті...

Толығырақ
«Тарихыңды таны» – тарихи саяхат! Жаңалықтар
04.08.2025

«Тарихыңды таны» – тарихи саяхат!

            2025 жылғы 4 тамыз күні Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірлесуімен, Asyl Mura волонтерлық бағыты аясында «Тарихыңды таны» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды.             Іс-шара аясында жастарымыз киелі кесенелермен, өлкеміздің бай тарихымен және рухани мұраларымен жақын танысып, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырды. Бұл бастама жас ұрпақт...

Толығырақ
Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы KAZMUSEUM.kz сайтында жарық көрді! Жаңалықтар
01.08.2025

Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы KAZMUSEUM.kz сайтында жарық көрді!

           “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы KAZMUSEUM.kz сайтында жарық көрді!            Мақалада Тараздың бай тарихи-мәдени мұралары мен археологиялық зерттеулердің маңыздылығы кеңінен баяндалады. Толығырақ танысу үшін KAZMUSEUM.kz сайтына кіріңіз!   

Толығырақ
Көне Таразда май өндіретін тас табылғанын білесіз бе? Жаңалықтар
22.07.2025

Көне Таразда май өндіретін тас табылғанын білесіз бе?

            Ортағасырлық Көне Тараз қалашығынан табиғи май өндіруге арналған арнайы тас құрылғы табылды. Бұл тас – сол дәуірде зығыр, күнжіт, мақта сияқты өсімдіктерден май сығу үшін қолданылған ерекше құрал.             Археологиялық деректерге сүйенсек, май тек тағамға ғана емес, дәрілік, тұрмыстық және тері өңдеу мақсаттарында да кеңінен пайдаланылған. Бұл – Көне Тараз тұрғындарының шаруашылықтағы, медициналық және саудадағы жоғары мәдениетін көрсетеді.             Көне Тараз –...

Толығырақ
«Мәдениет — дау-дамайдың емес, тың идея мен ауызбірліктің алаңы болуы керек» Жаңалықтар
22.07.2025

«Мәдениет — дау-дамайдың емес, тың идея мен ауызбірліктің алаңы болуы керек»

            Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикалық «Айқын» газетіне арнайы сұхбат берді.             Сұхбат барысында министр қазіргі қазақ киноиндустриясы, опера және балет театрларының мәселелері, сондай-ақ музей ісі мен кітапхана саласының дамуы жөнінде өзекті пікірлерін ортаға салды. Әсіресе музей ісіне қатысты айтылған маңызды ойлар мен бағыттар саланың болашағына бейжай қарамайтын әр маман мен жанашыр азамат үшін құнды.      ...

Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін бағалар Жаңалықтар
21.07.2025

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін бағалар

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 307-НҚ бұйрығына 27-қосымша     Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар   Р/с № Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы...

Толығырақ
Қытайлық туристер Көне Таразбен танысты! Жаңалықтар
21.07.2025

Қытайлық туристер Көне Таразбен танысты!

             Бүгін Қытай елінен келген қонақтар Көне Тараз ашық аспан астындағы археологиялық саябағында болып, Ұлы Жібек жолының бойындағы терең тарихпен танысты.              Экскурсия барысында ежелгі қаланың бай мәдениеті мен архитектуралық мұралары жайлы мол мағлұмат алып, ерекше әсерге бөленді. Қонақтар тарихи сапарды қызықты әрі мазмұнды жүргізген экскурсоводымыз Назира Каракуловаға шын жүректен алғысын білдірді. Тарихпен жүздескіңіз келсе – Көне Тараз сізді де күтеді!  

Толығырақ
Америкалық қонақтарымыз – Тараз тарихына тәнті! Жаңалықтар
18.07.2025

Америкалық қонақтарымыз – Тараз тарихына тәнті!

           Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығына АҚШ-тың әртүрлі штаттарынан арнайы келген қонақтарымыз тарихи мұрамен танысып, ерекше әсер алғандарын жеткізді.            Аника – Пенсильвания штатынан, түп-тамыры Қазақстанның Орал қаласынан, Адель – Солтүстік Каролинадан, Кэйси мен Сэмми – Техас штатының тумалары.            Кесененің бірегей архитектуралық дизайны мен ұсынылған тарихи деректер шетелдік меймандардың зор қызығушылығын тудырды. Олар: “Бұл мекенге әлемні...

Толығырақ
Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи- мәдени музей-қорығының тарихшысы “Асыл қазына” радиохабарының қонағы болды! Жаңалықтар
17.07.2025

Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи- мәдени музей-қорығының тарихшысы “Асыл қазына” радиохабарының қонағы болды!

            Бүгін музей-қорықтың тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Жамбыл радиосындағы “Асыл қазына” хабарына қатысып, тыңдармандарға Қостөбе қалашығының бай тарихи мұрасы туралы терең әрі мазмұнды ақпаратпен бөлісті. Сұхбат барысында ежелгі қалашықтың қалыптасу кезеңі, археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған құнды жәдігерлер мен Қостөбенің Ұлы Жібек жолы бойындағы рөлі кеңінен сөз болды.             Тарихқа қызығушылық танытқан барша тыңдармандар үшін бұл сұхбат шынайы рухани олжа...

Толығырақ