Жаңалықтар
Музей өмірі мен мәдени іс-шаралар туралы соңғы жаңалықтар
Ұлттық валюта – төл теңге
15 қараша – ҚР Ұлттық валюта күніне орай, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында “Ұлттық валюта – төл теңге” тақырыбында жылжымалы көрме өтті. Көрмеге ежелгі Тараз қалашығынан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған нумизматикалық жәдігерлер қойылды. Әр түрлі кезеңге жататын тиындар көпшіліктің қызығушылығын оятты.
Толығырақ
Ұлттық валюта күнiне сұхбат
Бүгiн "Ежелгі Тараз ескерткiштерi" мемлекеттiк тарихи мәдени музей корығының қызметкерлері JAMBYL TV телеарнасының «Қайырлы таң, Жамбыл!» атты таңғы бағдарламасында қонақта болды. Бүгiнгi тiкелей эфир 15 қараша – Ұлттық валюта күнiне арналды. Бұл күн тәуелсiз елiмiз үшін маңызды оқиғалардың қатарында. Осы орайда көрермендерге археологиялық қазба жұмыстары кезiнде табылған караханид, саманид дәуiріне жататын теңгелердің тарихы таныстырылды.
Толығырақ
Қарияны құрметтеу - бабалардан мирас болған мұра
Қараша айының 10 жұлдызында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан және Дәуітбек кесенелерінде, сондай-ақ Айша Бибі кесенесінде Меркі ауданынан келген ауданға еңбегі сіңген ардақты аналар, әрі белсенді азаматшаларға экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында музей-қорығының қызметкерлері шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған діни ескеткіштер жайлы халық аңыздарын баяндап бе...
Толығырақ
Танымдық дәріс оқылды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультетінің студенттеріне «Ежелгі Тараз қаласының тарихы мен тарихи-мәдени ескерткіштері» атты танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында білім алушы студенттерге музей-қорығына қарасты 30 нысан туралы дәріс оқылып, бейнематериал көрсетілді. Сондай-ақ студенттер на...
Толығырақ
