Ежелгі Тараз

Жаңалықтар

Музей өмірі мен мәдени іс-шаралар туралы соңғы жаңалықтар

Ғылыми жобаларға арналған семинар Жаңалықтар
09.07.2025

Ғылыми жобаларға арналған семинар

        Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің өкілінің қатысуымен мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуге бейінді ұйымдарға ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру тәртібін түсіндіру мақсатында семинар өтуде.         Аталған шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаи...

Толығырақ
Оралдан – Таразға: Тарихпен тілдескен сәт Жаңалықтар
09.07.2025

Оралдан – Таразға: Тарихпен тілдескен сәт

       Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынан келген қадірлі қонақтарымыз Көне Тараз ашық аспан астындағы археологиялық кешеніне келіп, ежелгі қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жүздеген тарихи жәдігерлермен танысты.        Қонақтар Х ғасыр мен ортағасырлық өркениет белгілерін көріп, Тараздың мыңжылдық тарихына ерекше ықыласпен үңілді. Қыш құмыралар, шырағдандар, хум ыдыстары, темір және әшекей бұйымдар – барлығы да халқымыздың терең тамыры мен рухани мұрасының айғағы.        “Біз...

Толығырақ
Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! Жаңалықтар
06.07.2025

Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз!

       Қазақ халқының төл өнері мен рухани мұрасының символына айналған домбыра – ұлттың үнін, тарихын, жүрек лүпілін жеткізетін киелі аспап.        Бүгінгі күн – халқымыздың баға жетпес байлығын ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа ұлттық өнердің қадір-қасиетін дәріптейтін маңызды мереке.       «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы бұл күні барлық өнерсүйер қауымды күй күмбірімен үндесіп, ата-бабамыздың асыл мұрасын бірге насихаттауға шақырады.       Домбыраның үні – е...

Толығырақ
Дархан Қуандықұлы мекеме жұмысымен танысты Жаңалықтар
04.07.2025

Дархан Қуандықұлы мекеме жұмысымен танысты

       Тарих ғылымдарының докторы, сенатор Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Жамбыл облысына сапары барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығы мен Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау дирекциясының жұмысымен танысты.       Кездесу барысында:       Ақыртас пен Көне Таразда QR-код арқылы төлем жүйесі енгізілгені хабарланды;       Келушілерді нақты есепке алу үшін турникеттер, ал мәдени мұраны қолдауға арналған мультивалюталық қайырымдылық жәшіктері орнату жобасы басталды....

Толығырақ
Ұлттық домбыра күніне арналған челлендж! Жаңалықтар
04.07.2025

Ұлттық домбыра күніне арналған челлендж!

        Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен ерекше рухани шара өтті. Ұлттық өнерімізді ұлықтайтын бұл мерекеде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Оқушылар сарайының “Өрлеу” ән-саз студиясының дарынды оқушылары “Көне Тараз” күйін орындады.        Күй күмбірі Көне Тараздың дәл жүрегінде – ашық аспан астындағы тарихи саябақта шырқалды. Тарих пен өнер тоғысқан бұл сәт көрермендерге ерекше әсер қалдырды.  Д...

Толығырақ
«Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясының қатысушылары келді Жаңалықтар
01.07.2025

«Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясының қатысушылары келді

      Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Visit Taraz (@visit__taraz)

Толығырақ
«Көне Тараздан табылған құпия медресе: сіз білмеген тарих!» Жаңалықтар
30.06.2025

«Көне Тараздан табылған құпия медресе: сіз білмеген тарих!»

       Тарих тереңіне үңілген сайын Тараз бізді тағы да таңғалдырады. Археологтардың соңғы зерттеулері нәтижесінде Көне Тараз қалашығынан бұрын-соңды белгісіз болған құпия медресе орны табылды!        Бұл құрылыс шамамен XI–XII ғасырларға тән. Саз кірпіштен өрілген, күйдірілген әшекейлі тақташалармен көмкерілген бұл нысан – тек діни білім ордасы ғана емес, сол дәуірдің ғылыми, мәдени және рухани орталығы болғанға ұқсайды.        Бұл жаңалық Тараздың ислам өркениетіндегі орны мен білі...

Толығырақ
Айша бибі кесенесіне бүктеме парағы дайындалды Жаңалықтар
26.06.2025

Айша бибі кесенесіне бүктеме парағы дайындалды

          “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығына қарасты Айша бибі кесенесіне бүктеме парағы дайындалды. Ақпаратты ұсынушы “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері. Көркемдік тұрғыдан безендірген “Қор сақтау және есепке алу” бөлімінің дизайнері - Г. С. Әбдібекова.  

Толығырақ
Халықаралық конференциядан қуанышты жаңалық! Жаңалықтар
13.06.2025

Халықаралық конференциядан қуанышты жаңалық!

       «Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы табысты өтті.  Осы ауқымды шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы,  бөлім тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы белсенді түрде қатысып, сертификатқа ие болды!         Бұл – музей саласындағы жаңа ізденістерге, кәсіби тәжірибе алмасуға...

Толығырақ
Бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде Жаңалықтар
11.06.2025

Бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде

      Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Б. М. Хасенова, Р. Т. Дарменов және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Алимханова Ұлбосын «Қарлұқтар торевтикасы: көркемдік дәстүрлер мен технологиялар» жобасы аясында бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.       Жоба барысында музей қорындағы металдан жасалған әйел әшекейлері зерттеліп, суретке түсірілді.       Сондай-ақ, ерте темір дәуірінен...

Толығырақ
 “Асыл қазына” радиохабарында сұхбат Жаңалықтар
11.06.2025

“Асыл қазына” радиохабарында сұхбат

      Ежелгі Тараз ескерткіштері музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы “Асыл қазына” радиохабарының қонағы болды!       Сұхбат барысында Ақдидар Жәнібекқызы ортағасырлық Меркі қалашығының бай тарихына терең тоқталды:     1. Меркі қалашығының тарихи маңызы – Жібек жолының маңызды бекініс нүктесі ретінде сауда мен мәдени байланыстардың дамуына зор үлес қосқан.     2. Археологиялық қазбалар нәтижесі – Қалашықтан табылған қыш ыдыстар, құрылыс іздері және тұрмысты...

Толығырақ
3D үлгісіндегі ақпараттық тақтайшалар жаңартылды Жаңалықтар
10.06.2025

3D үлгісіндегі ақпараттық тақтайшалар жаңартылды

      Құрметті достар!        Тараздың ежелгі мұраларына сапарлауға дайынсыз ба? Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығына қарасты нысандарда заманауи 3D үлгісіндегі ақпараттық тақтайшалар жаңартылды!        Енді сіз кесенелердің аңыздарын QR-код арқылы көре аласыз.  Сонымен қатар, әр нысанның нақты жол картасын QR-кодпен оңай жүктеп алуға болады.        Саяхаттарыңыз сәтті болсын! Тараздың тарихы мен мәдениеті әрқашан қымбат!  

Толығырақ