Новости
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы
Ерлан Ерғазыұлы Дәкенов "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығында атқарылып жатқан
жұмыстармен танысып, өз бағасын берді.
Сонымен қатар Ерлан Ерғазыұлы музей-қорық ұжымына Нұржан Мергенбайды директор етіп
тағайындау туралы министрліктің бұйрығын таныстырды. Бұған дейін Нұржан Мергенбай "Ежелгі Тараз
ескерткіштері" музей-қорығында директордың міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарып келген
болатын. Комитет төрағасы қысқа уақыт ішінде мекеменің жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, алдағы
уақытта да ұжымның жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенім білдірді.
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет
және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке Ерғабылқызы Жамбыл радиосының
“Асыл қазына” бағдарламасына арнайы қонақ болып, “Тарихтан сыр шертетін Оххум қалашығы” тақырыбында
кең көлемді тарихи деректермен және ғылыми пайымдармен бөлісті.
Көне Тараз өңіріндегі археологиялық нысандардың зерттелу тарихы мен мәдени мұра ретіндегі
маңызы туралы айтылған бұл сұхбат – тыңдарманға тың серпін сыйлады.
Бүгін көне тарих пен заманауи ғылым тоғысқан ерекше шара — «Тараз – тарих және тағылым»
атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция Тараз қаласында өтті.
Бұл басқосудың басты мақсаты – Тараздың бай тарихи-мәдени мұрасын, ежелгі қалалық өркениеттегі
орнын және қазіргі ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарын талқылау арқылы ұлттық тарихи жадты жаңғырту,
Тараздың өркениеттік маңызын насихаттау болды.
Конференция жұмысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды
алыс-жақын шетелдерден келген тарихшы, археолог, мәдениеттанушы ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
«Тараз – мыңжылдықтардан сыр шерткен, сан мәдениеттің тоғысқан қасиетті мекені. Бұл шаһарды
зерттеу – ұлт тарихының терең қатпарларын ашу», – деді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының
директоры Нұржан Мергенбай. Тарих ғылымдарының кандидаты Жұман Смаилов өз сөзінде:
«Таразды зерттеу – әлі ашылмаған сырларды тану. Бұл өлке ежелгі замандарда маңызды саяси және мәдени
орталық болған», – деп атап өтті. Конференция аясында ғылыми баяндамалар, пікірталастар және Тараз
өңірінің тарихи мұраларын сақтау мен зерттеу бағытындағы жаңа ұсыныстар талқыланды.
Тараз – тарих пен тағылымның тоғысқан мекені!
Ұлт рухын ұлықтайтын ғылыми қадам!





Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымымен бірлесе отырып, Шайқорық
орта мектебінде “Көненің көзі — Тараздың өзі” атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында
оқушыларға көне Тараз қалашығынан табылған бірегей жәдігерлер, тарихи артефактілер мен құнды мәліметтер
ұсынылды.
Балалар өз өлкесінің бай тарихымен жақынырақ танысып, Тараздың мәдени мұрасына деген
қызығушылықтарын арттырды. Осындай танымдық шаралар арқылы жас ұрпақ бойында туған жерге деген
сүйіспеншілік пен тарихи сана қалыптасады.
2025 жылғы 9 қазанда ҚР Ұлттық музейінің кітапханасында өткен шара мәдени мұраны ғылыми-реставрациялық тұрғыда сақтау мен заманауи технологияларды енгізуге арналды.
Курс Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылып, офлайн және онлайн форматта өтті.
20 Окт 2025
223

