The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News
       Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығының «Ғылыми жұмыс және ескерткіштерді қорғау»
бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №23 орта мектептің 6–7 сынып оқушылары үшін ерекше
екі күндік «Өлкенің жас археологы» атты үйірме ұйымдастырылды.
       Бұл шара жас жеткіншектердің:
археологиялық білімнің алғашқы қырларын үйренуіне;
туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыруға;
тарихи ескерткіштерді қорғауға деген жауапкершілігін оятуға бағытталды.
       Екі күн бойы оқушылар археология әлеміне саяхат жасап, өз өлкесінің бай мұрасымен жақыннан танысты
 

       Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді
қорғау» бөлімі киелі орындарымызды жас ұрпаққа таныстыруды жалғастыруда.
       Бөлімнің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Қамбар М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 6В02311
– Филология: Қазақ филологиясы мамандығының студенттеріне арнайы дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер:
      Ортағасырлық сәулет өнерінің үлгісі – Қарақожа мешітінің тарихымен,
      Оның салыну ерекшеліктерімен,
      Халықтың рухани өміріндегі орнымен танысты.
Бұл шараның мақсаты – болашақ жас мамандарға туған жер тарихын терең таныстырып, мәдени-рухани
құндылықтарды дәріптеу. Осындай дәрістер арқылы жастарымыздың тарихи санасы жаңғырып, киелі
жерлерге деген құрметі арта түспек.
 
 
          Осы мерекеге орай, өңір туризмінің дамуына сүбелі үлес қосып, өз ісіне адалдықпен қарап, мәдени
мұраларды насихаттауда белсенділік танытып жүрген “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік
тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына ерекше құрмет көрсетілді.
          Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы мен
Тараз Туризм туристік ақпараттық орталығы саладағы абыройлы еңбегі мен өлшеусіз үлесі үшін музей-қорық
қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, арнайы мерекелік марапаттармен марапаттады.
          Бұл – туризм саласындағы кәсіби шеберлік пен тарихи мұраға деген жанашырлықтың бағалануы ғана
емес, сонымен бірге өңір мәдениетінің болашағына деген сенімнің айқын белгісі. Туристерге тарихтың тереңін
танытып жүрген барша экскурсоводтарды мерекемен құттықтаймыз!
 
 
         Олар Оңтүстік Африка, Гонконг, Тайланд және Макаодан арнайы келіп, тарихи орындарымызбен
танысты. Туристеріміз гидтердің жылы қабылдауына, тарихи деректермен бөліскен қызықты әңгімелеріне
риза болып, өз әсерлерімен бөлісті:
        «Біз бұл жерге келгенімізге өте қуаныштымыз! Мавзолей мен өңір тарихы туралы көптеген мағлұмат
алдық. Өзін ерекше сезіндік. Осындай сапарға мүмкіндік бергендеріңізге алғысымызды білдіреміз».
        Біз үшін ең үлкен қуаныш – әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарымыздың жақсы көңіл
күймен қайтуы. Барлық саяхатшыларға сәтті сапар, ал бізге келушілерге ұмытылмас әсер тілейміз!
 
 
        Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Тарих» мамандығының 1-курс студенттеріне дәріс өткізді.
       Дәрістің тақырыбы:  «Бабаджа хатун кесенесінің сәулеттік ерекшеліктері және оның маңызы»
       Студенттер ежелгі сәулет өнерінің қыр-сырымен, тарихи маңызы зор кесененің ерекшеліктерімен танысып,
өз білімдерін толықтырды. Мұндай дәрістер жас тарихшылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ұлттық мұраға
деген қызығушылығын арттыра түсері анық.
 

Page 13 of 199