News
Құрметті отандастар!
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы баршаңызды
Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн — халқымыздың тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен мемлекетіміздің іргесін бекіткен маңызды
мереке. Республика күні — елдігіміздің, бірлігіміздің және азат рухымыздың символы. Тарихы терең, тамыры
мықты Тараз топырағы ежелгі өркениеттердің куәсі ретінде елдік пен бірліктің киелі бесігі болып келеді.
Осы рухани мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ парызымыз.
Осы мерейлі күні баршаңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге береке-бірлік пен бейбіт өмір
тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!
Бүгін «Ежелгі Тараз тарихи-мәдени музей-қорығы» Республика күніне орай «Ұлттық құндылықтардың
жаңғыруы» атты республикалық челлендж ұйымдастырды.
Бұл шараға «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар
сарайы» КММ-нің «Шұғыла» бейнелеу өнері студиясынан 30-ға жуық оқушы қатысып, музей экспонаттарына
қарап өз туындыларын салды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру,
ұлттық мәдениет пен тарихи мұраға құрмет сезімін арттыру.
Құрметті тараздықтар!
Республика күніне орай 25 қазан күні Көне Тараз қалашығында – Ашық есік күні!
Сіздерді тарихы терең, рухы биік Көне Тараз қалашығына шақырамыз! Бұл күні келушілерге тегін
экскурсиялар ұйымдастырылып, ежелгі қаланың бай мұрасымен танысуға ерекше мүмкіндік туады.
Өтетін орны: Көне Тараз қалашығы
Күні: 25 қазан Уақыты: 10:00–17:00
Тарихтың тынысын сезініп, ұлт мерекесін бірге қарсы алайық!
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында мемлекеттік сатып алу
саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша
түсіндіру сұхбаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласында заң талаптарын мүлтіксіз орындау, ашықтық пен
әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында қатысушыларға заң нормалары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, практикалық мысалдар келтірілді.



Page 9 of 199
25 Oct 2025
161